Алтыншы негіз: hәм, Адам баласы мойнында жібі салбырап, қалаған жерінде оттасын деп бос жіберілмеген. Оның жасаған барлық амалдарының түрлері алынып жазылуда, түгел іс-әрекетінің нәтижелері сұраққа тартылу үшін тіркеліп қойылуда екенін білесің.
Жетінші негіз: hәм, күз маусымында, көктем мен жаздың әсем нәзік мақұлықтарының солып, қирауы жойылу емес. Ол дегеніміз міндеті аяқталғандықтан демалысқа шығару болып табылады. (Сілтеме)(19)
--------------------------------------------------------------(19)(Сілтеме): Иә, рахметтің азық-түлік қазыналарынан келетін бутаққа асулы жеміс-жидектер, шешектер мен жапырақтар қартайып міндеттері толық аяқталған соң кетіп қалады. Одан мақсат, артынан жалғасып келгендерге жол беру. Эйтпесе рахметтің молшылығына және басқа тектестерінің қызметіне кедергі болады. Һәм өздері де жастық кетіп қарттық басып, қорланып пушайиан болады. Міне, кәктем де махшер тәрізді жемісті ағаш. Әр ғасырдағы адамзат әлемі де гибрет аларлық ағаш. Тіпті Жер шары өзі ғажап махшер сияқты қудрет ағашы. Тіпті дүние де, жемістері ахиреттік базарға жіберілген бір таңғажайып ағаш.