Мәселен, әдепті жандар үшін мәңгілік көріністер, бейнелер жасау үшін сондай-ақ, бақи әлемде басқа мақсаттарға қолданылсын. Болмыс атаулы мәңгілік үшін жаратылғандығын, баянсыз еместігін, суреті уақытша болса да белгілі бір міндет атқарғандығын, демалысқа шыққандығын, босатылғандығын мынадан байқауға болады; Фәни бір нәрсе бір жағынан жойылса да, көп жақтарымен мәңгі боп қалады. Мысал ретінде; Қудрет қаламы жазған мына гүлге қараңыз! Қысқа мерзім ішінде бұл бізге қарап күлім қағады. Содан соң, дереу фәнилік пердесіне тығылып көзден таса болады. Алайда сенің сөйлеген сөзің сияқты ол да жоғалады. Бірақ мыңдаған үлгі-мысалдарын құлақтарға сіңдіріп кетеді. Оны естіген қанша ақыл болса сонша мағыналарды ақылға сіңдіріп мәңгіге айналады. Өйткені мағынасын түсіндіру үшін міндетін атқарған соң өзі кетеді, бірақ оны көрген баршаның естерінде сыртқы пішінін және әр бір тұқымда мағынауи мәнісін сіңдіріп солай кетеді. Әр бір ес пен әр бір туқым бейне бір әшекейліктерді сақтайтын фотожиhаз, бейне бір мәңгі жасау үшін әр қайсысының үйі. Өте қарапайым тіршілік түрі болып саналатын өсімдік мұндай болса, ең жоғары тіршіліктің түрі әрі мәңгі рухтардың иесі≈ Адам, мәңгілікпен қаншама тығыз байланысты екендігі түсінікті шығар. Гүлді және жемісті ағаштардың бір түрлі рухқа ұқсас әрқайсысының бейімділік заңы сондай-ақ, пішінінің түрі құйтақандай тұқымдарда жүйелі түрде, алай-түлей кезеңдер бастан кешірсе де жалғасын тауып, сақталып қалуы; өте күрделі әрі жоғары мәртебелі, кәдуілгі болмыс кигізілген , саналы да нұрлы әмірдің заңы болып табылатын адамзат рухы, қаншалықты мәңгілікпен тығыз байланысты екені түсінікті болады...