Һәм келесі көктемде келетін мақұлықтарға орын беру үшін босатылу, сондай-ақ жаңа міндеттілер орналасатын әрі міндетті болмыстардың келуіне әзірлік екендігін түсінесің. Һәм саналы жандарға міндетін ұмытқызған немқұрайдылықтан және шүкір етуді есінен шығарған мастықтан Сүбхани ескерту екендігін түсінесің.
Сегізінші негіз: Мына фәни әлемнің мәңгілік Саниының мәңгілік әлемі бар. Құлдарын ол жерге аттандырып, ынталандырып отырғанын түсінесің.
Тоғызыншы негіз: Мұндай Рахман, сондай бір әлемде әлгіндегі жеке құлдарын сыйға бөлейтіні сондай я ақыл я тіл жетпейді: ол жерді көз көрмеген, құлақ естімеген. Иә, иә солай екенін түсінесің.
ЖЕТІНШІ АҚИҚАТ:
Хыфз және хафизиет бабы. Бұл Хафиз және Ракиб есімдерінің шағылысы,
Аспандағы, жердегі, құрлықтағы, теңіздегі: жан-жануар, өсімдік, ұсақ-тиек, үлкен-кіші жаппай өте жүйелі де тәртіппен аман сақтап әр түрлі сұраққа тарту сияқты нәтижелерін сараптаған хафизиет: адам сияқты маңызды жаратылыс Үлы патша мәртебесіндегі, ұлы аманат арқалаған атқарар міндеті бір адамзаттың жалпыға ортақ Рубубиетке қатысты іс-әрекеттері, қимылдары сақталмауы, сұраққа тартып әділет таразысына өлшенбеуі, өзіне лайық жаза, не сыйапат көрмеуі, әсте мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.