АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 146
(1-151)

Бірақ: "Мен бір жүрген бейбақпын, кіммін сондай-ақ, терең де күллі шүкір ете алатын? Қандай қадірім бар соншалық, мына әлемді Хаким-ы Мутлақ маған ноқталап берсін", - деп айтпа.

Расында, непсің мен пішініңе қараса түкке тұрғысызсың. Алайда, міндетін мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толымына жаратылыстың ойшыл шешені, әрі мына "әлем" атты кітапты өрелі зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақылаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін атағың бар.

Демек, әй, адам! Сен өсімдік тектес болмысың және жануар тәрізді нәпсің жағынан: меңіреу бір бөлшек, жәй зат, пақыр мақұлық, әрі әлсіз жануар болып алай-түлей болған мына алып құбылыстардың үрейлі толқынында шайқалып кетіп бара жатырсың. Алайда, Аллаhтың сүйіспеншілігінің сәулесінен тұратын иманның нұрымен нұрланған Ислам дінінің тәрбиесімен жетілген кезіңде, адамгершіліктұрғысынан, құлдығыңмен бірге сұлтансың және кішкене бола тұра үлкенсің, шағын болмысыңмен өзіңше бір әлемсің, елеусіз бола тұра мәртебең жоғарылап, қарамағы кең бақылаушы атанып: "Менің Рабб-ы Рахимым дүниені баспанам етіп, Ай мен Күнді оның шамшырағы етіп тағып қойды. Көктемді - гүл шоғы, жазды - ырысты жастарқан, жан-жануарды - қызметші жасап берді. Баспанамды өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!" - дей аласың.

Дыбыс жоқ