Төртінші нүкте:
Адам баласы мына әлемде бейне бір нәзік сәби тәрізді. Оның әлсіздігінде үлкен қуат, бейшаралығында күшті құдіретжатыр. Өйткені, оның әлсіздігі мен бейшаралығының арқасында мына қоршаған әлем оның қызметшісіне айналып отыр. Егер де адам өзінің әлсіздігін сезініп: тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Аллаhқа дүға етсе, әрі бейшаралығын біліп, одан көмексұраса, жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі. Әрі талап-тілектері орындалып, арманына жететіні соншалық, егер сол армандарына адам өз күшімен жетуге тырысса жүзден біреуіне қолы жетпес еді. Тек кейде аянышты дұғасы арқылы қолы жеткен талап-тілектерін өз еңбегіммен таптым деп қателеседі. Мәселен: тауық балапанының әлсіздігіндегі қуат, тауықты арыстанға айдап салады. Дүниеге жаңа келген арыстанның күшігі аш арыстанды ноқталап, оны аш қалдырып өзі тойып алады. Мұнда әлсіздіктегі қуат пен тамашалауға тұратын рақымдылықтың лебі есіп тұр емес пе?
Мәселен, бір қыңыр бала жылауы арқылы я аянышты халімен не болмаса сұрауы арқылы керек нәрсесін алатыны әрі өзінен мың есе күштілер оған қызметші болатыны сондай әлгі керек заттарына өзі ұмтылса мыңнан біреуіне мың есе күші артса да қолы жетпес еді. Демек, әлсіздік пен бейшаралық оған деген қамқорлық пен аяныш сезімін оятқандықтан сүйріктей саусағымен ержүрек қаhармандарды өзіне бағындырады. Енді, осындай бір бала жасалған жақсылық пен жанашырлықты білмей, қамқорлықты түсінбей, қайтажазғырғандай, көкіреккеріп: "Мыналарды бас идіріп қызмет еттіріп отырған менің күш қуатым" - десе, әлбетте шапалақ жейді.