АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 142
(1-151)

Гүлдерді алғым келіп, әрі жемістен жегім келіп, тырысып бақтым. Бірақ, олардың инедей тікендері, ұстаған кезде қолыма кіріп қанатып жатты. Ұстаған сәтте отарба жылжып кетеді де, қолымды қопарып кетеді. Бұлай істеу мен үшін қымбатқа түсті. Содан отарбаның жол серігі жаныма жетіп келіп:

- Егер бес тиын берсең, әлгі гүлдер мен жемістерден қалағаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз тиындық зардап шегіп жатырсың. Оның үстіне рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың, - деді. Мазам қашып мына көңілсіз күйден жалық-қандай, туннелден қашан шығамыз деп, әйнектен басымды шығарып едім; 0, Тоба! Туннелдің шығар аузы жоқ. Ауыз орнына көптеген саңылаулар көрдім. Шұбатылған мына отарбадан сол саңылауларға адамдар секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымда саңылау көрінді. Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылған екен. Қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған "Саид" деген жазуды көрдім. Өкіне әрі таңдана "Қап әттеген-ай", - дедім. Бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді.

- Есің кірген болар?

- Иә, бірақ әлім бітті, амалым жоқ, - дедім.

- Тәубаға кел, тәуеккелге бел бу! - деді.

- Әстәғфируллаh, нартәуекел!

Есімді жинадым... Енді мен ескі Саид емес, жаңа Саид екенмін.

Міне, осы қияли оқиғаның кейбір жерлерін жорып берейін. Құдай қайырын берсін. Қалғандарын өзің жорып аларсың.

Дыбыс жоқ