АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 139
(1-151)

Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып, біреуіне он алтын ұсынады да, оған: "Мынаған өзіңе арнап тиісті матадан бір қабат киім тіктір!" деп бүйырады. Екіншісіне мың алтын және жазуы бар бір жапырақ қағазды қалтасына салып, екеуін базарға жолдайды. Әуелгі қызметші он алтынға тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші болса, ақымақтық жасап, әуелгі қызметшіге еріп, қалтасындағы есеп-қисап қағазына қарамастан сатушыға мың алтынын беріп, бір қабат киім өтінеді. Нысапсыз саудагер мұны түсіне қойып, оған матаның ең шірігінен тігілген бір қабат киімді ұстата салады. Бейбақ киімді алып қожайынына келеді. Қожайынын ашу кернеп оны ауыр жазаға тартады.

Міне, ана екінші қызметшіге берілген мың алтын, тек бір қабат киім үшін емес, үлкен сауда жасау үшін берілгендігін азғана ақылы бар адам аңғарған болар.

Дәл сол сияқты адамдағы мағынауи жиhаздар мен құнды сезімдердің әрқайсысы жануардағы сезімдермен салыстырғанда жүз есе артық. Мәселен: сұлулықтың барлықтүрін айыратын көз, тағамдардың сан-алуан дәмдерін сезетін тіл, ақиқаттардың егжей-тегжейін зерттейтін ақыл, әсемдік атаулыға тым құштар жүрек(көңіл) сияқты тағы басқа толып жатқан жиhаздар мен сезімдер қаншалықты керемет десеңізші! Оның қасында жануарлардың өте қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері түкке тұрғысыз емес пе? Араларындағы айырмашылық болса жануар өзіне тән іс-қимылында - кейбір жануардың кейбір мүшесі ғана - жақсы дамиды. Алайда ол даму тек өзіне тән.

Дыбыс жоқ