Сонымен Аллаһ бар екені рас, әлбетте, ақырет бар. Жоғарыда аталған үш иман шарты, өздерінің дәлелдврімен бірге қалайша хаширге шәһәдет етті, солайша
деген иманның шарты да хаышрды қажетсініп, бақи әлемнің бар екеніне қуатты турде дәлел болып, былайша шәһәдет етеді.
Періштелердің болмысы, сондай-ақ олар-дың қүлдық міндеттерін дәлелейтін барлық айғақтар, сансыз оқиғалар мен әңгімелесулер рухтар әлемінің бар екенін, әрі ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, ақырет әлемі, сондай-ақ келе-шекте жын мен адам атаулы мақүлықтармен ажарланатын бақыт сарайы жәннат пен жәһәннам сияқты әлемдердің бар екенін орайлы турде дәлелдей туседі. Қалай десеңіз де періштелер мына әлемді Аллаһтың рүқсатымен көріп, оған Аллаһтың руқсатымен кіре де алады. Хазіреті Жәбрайыл сйяқты адамдармен кездескен Муқаррабин періштелер сол әлемнің бар екендігін, өздері де сол жерде кез-гендіктерінен бір ауыздан хабар беруде. Ол жақтан келгендер арқылы өз көзімізбен көрмеген Америка қурлығының бар екенін анық білгеніміз сияқты жүз теуатур қуатында періштелер әкелген ақпараттар-мен бақи әлемнің, ақырет дүниесінің, жәннат пен жаһаннамның бар екендігіне қанық түрде иман ету керек. Әрине, солай иман етеміз. һәм „Жиырма алтыншы сөз" деп аталған „Тағдыр рисаләсінде" тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар, айналып келгенде, Хашир мен Нешір-і Суһуфқа әрі ұлы таразы басында амалдар-дың тартылатынына дәлел болады. Өйткені әр нәрсенің тағдыры көз алдымызда. Тәртіп пен жүйе таспаларына тіркеп қою әрі тіршілік атаулының өмір жолдарын ес-терінде, дәндерінде, сондай-ақ басқа да сол іспеттес таспаларда тізу әрі әрбір рух иелерінің, әсіресе, адамдардың амал дәптерлерін сақтаулы таспаларға тіркеп, белгілеп қою дегеніңіз, яғни ондай ауқымды тағдыр, хикметті жазу, мүқият тіркеме, сақтаулы жазба, тек қана ұлы сот кезінде жалпыға ортақ сараптаумен зерттеліп, шешім қабылдау нәтижесінде мәңгілік бір құрмет-теу немесе жазалау мақсатымен жасалады. Әйтпесе ол көлемді де мүқият тіркемелер, сақтаулар мағынасыз, пайдасыз болып қалар еді. Хикмет пен ақиқатқа кереғар һәм хашир болмаса, Тағдыр қаламымен жа-зылған мына „әлем" атты кітаптың барлық хақ мағыналары жойылвга, құрып кетеді. Бүлай болуы мүмкін емес. Бұл ықтимал - бұлай ойлау, әлемнің бар екенін жоққа шығару сияқты далбаса. Тіпті, ертегі деуге болады.