АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 57
(1-151)

Осындай күрделі де’қызық адам жараты-лысы өзінің мінез-құлқы жаратылыс жағынан тым әлсіз әрі бишара, өте мүсәпір де пақырг оның үстіне толассыз мұң-мұқтажы мен уайым-қайғысы бола тұра күш-қуаты мен ерік тысында әп-әйдік Жер жаһан оның қажетті заттар қоймасы, әр турлі тағамдар, тиімді әр турлі нәрселермен көмкерілген бір дүкен бейнесіне енген. Осыларды істеп отырған асқан құдірет пен мол хикмет иесі, мейірімді Мүтсаррыф бар. Ол, адам баласына қарайлап, азықтандырып, қалағанын беріп отырады.

Иә, осындай бір Раб әрі адамды жақсы көреді, әрі өзін адамға жақсы көргізеді, әрі мәңгілік иесі, әрі бақи әлемдері бар. Атқарған әр ісі әділетті әрі хикметке толы. Мына қысқа фәни тірлікте, мына тар ад?імзат дүни-есіне, мына баянсыз жерге әлгі Хаким-ы Әзәлидің салтанатының айбындылығы, әкімшілігінің шексіздігі сыймайды. Адамзат арасында әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, тартымды жүзіне керағар үлкен зұлымдықтар, бас көтерулер болып, нығмет беріп, мейірлене азық берген мейірбанға қарсы қиянаттар мен қасарысулар, күпірліктер бұл дүниеде жазасыз қалып, қанішер залым рахат өмір сүріп, бишара жәбірленуші машақаттармен бұл дүниеден көшіп барады. Қанішер залымдар мен үмітсіз мақүлықтар өлген соң тең болып, айырмашы-лық болмауы - әлемде байқалатын мутлақ әділдікке қайшы қүбылыс. Ол оған әсте рүқсат бермейді.

Сондай-ақ әлем иесі, бүкіл әлем ішінен жер жаһанды, одан адамзатты таңдап, тым маңызды рөл, мән бергені сияқты адамзаттан да Рубубиеттің мақсаттарына сай болған, өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамдық қасиетке ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды тандап, өзіне дос әрі әңгімелесуші етіп, оларды мұғжизелер, таупықтармен жарылқап, дүшпандарын сәмауи тоқпақтармен азаптап отырады. Және осы қадірлі де сүйікті достарының ішінен олардың имамы әрі мақтанышы, ардақты Мүхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламды таңдап, жер жаһанның құнды бөлігін, адам баласының маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның нұрымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем оның үшін жаратылғандай: барлық мақсаттары онымен, оның дінімен, Құранымен сабақтас.

Дыбыс жоқ