һәм Қүранның, тіпті, барлық семауи кітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар, дәлелдер әрі Хабибуллаһтың, тіпті, барлық пайғамбарлардың елшіліктерін дәлелдейтін күллі мүғжизелер, бүлтартпас айғақтар айналып келіп ең маңызды мүадесі болған ақыреттің шындыққа айналуына тіреледі. Сол сияқты Уажибул Ужудтың бар екендігіне, бір екендігіне шәһәдет ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар түптің тубінде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі мен мекені болып табылатын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниесінің бар екендігін, ашылатынын дәлелдей туседі. Неге десеңіз, төменде баяндалатыны сияқты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың әрі болмысы, әрі толық сипатта-рыг сондай-ақ көптеген есімдері һәм Рубубиет, Улухиет, Рахмет, Инает, Хикмет, Азамет сияқты қасиеттері, істері ақыретсіз болмайтыны, міндетті түрде бақи әлемді қажет қылып, сөзсіз жазалау мен сый-сияпат жері болып табылатын Хашир мен Нешрге мұқтаж.
Әзәлиде Әбәди бір Аллаһтың бар екені рас болса, әлбетте, Улухиетінің Салтанатының бітпес өзегі болып табылатын ақырет бар. Сондай-ақ, бұл әлемде және ондағы тіршілік атаулыда өте айбынды әрі хикмет толы мут-лақ Рубубиет бар, әрі көзге көрініп тұр, олай болса, әлбетте, сол Рубубиеттің айбынды-лығын күйреуден, хикметін әбестіктен, мейірімділігін зүлымдықтан сақтайтын мәңгі бақыт әлемі болады, әрі енгізілетін болады.
Сондай-ақ мына көз алдымыздағы нығметтер беру, ихсандар, жарылқаулар, ша-пағаттар, сыйлықтар, көмектер мен рахмет-тер, суалмаған саналар мен жанды көңілдерге ғайып бір перде артында бір Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екендігін көрсетеді. Әлбетте, нығметтер беруді масқаралаудан, жа-рылқауды алдаудан, көмектесуді қастандық жасаудан, жанашырлықты азаптаудан, сыйға бөлеуді қиянат жасаудан қүтқаратын, нығметті нығмет, жарылқауды жарылқау етіп тұрған Мәңгілік әлемде шексіз өмір бар және болады.
һәм, көктем маусымында жер жаһанның алақандай парағына мыңдаған кітапты аралас-қүралас, бірақ қатесіз бір Құдіретті қаламның жазғанын көріп отырмыз.