Тақырыбымызға орай Рисалә-и Нүр Мінәжат рисаләсінің соңында „Ақыретке иман" шартына басқа иман шарт-тары, әсіресе, „Расул" мен „Күтуб" шәһәдеті мінәжат түрінде тым қуатты да өзекті, әрі қандай да болмасын күмәндерді жоққа шығаратындай мәнде баяндалған болатын. Сондықтан осы жерде қайталанбақ:
Әй, Рабб-ы Рахимым! Расул-ы Әкремнің тәлімімен, Қасиетті Қүранның дәрісінің арқасында мынаны түсіндім: әуелі Қүран мен Расул-ы Әкрем, сонан соң қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар сенің бүл дүниеде, сондай-ақ әр тарапта өрнектері көрінген аса желал әрі жәмал есімдеріңнің көріністері одан әрі әсем түрде Әбедул Әбадта жалғасын табаты-нын, сондай-ақ мына фәни әлемде Рахимане көріністері әрі өрнектері көрінген ихсандарының бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын, мәңгі екенін және мына қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне бірге болған қүмарпаздардың мәңгілік әлемінде де бірге болатындарына ижма бірауыздан шәһәдет етіп дәлелдей түседі.
Сондай-ақ жүздеген күшті мүғжизелеріне, нақты аяттарына сүйене отырып, әуелі Ардақты Пайғамбарымыз және Қүран-ы Хаким болып, барлық нүрланған көңілдердің кутуп-тары уәлилер мен өткір де нұры ойлардың қайнар көздері бблып табылатын барлық сыд-дықтар сенің сәмәуи парақтарың мен қасиетті кітаптарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып, һәм сенің құдірет, рахмет, қамқор, хикмет, желал, жемал тәрізді ақыретті қажет қылатын киелі сипаттарыңа, атқарған істеріңде, сондай-ақ сенің Желаліңнің қол жетпес үстемдігіне, Рубубиетіңнің салтанаты-на орай, сонымен қатар ақыреттің іздері мен оның бар екенін мегзейтін жаңалықтарына, көргендеріне және ғылмеляқын, айнеляқын нанымдары мен имандарына сүйене отырып, адамдарға мәңгі бақыт бар екенін сүйіндіре хабарлайды. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырғандар үшін жұмақ бар екенін хабарымен білдіреді. Сарсылмас иман етіп, шәһәдет етуде.