Мәселен, мына жұбайым о дүниедегі мәңгі өмірде айырылмас серігім. Қазір қартайып жүзінен көркі тайса да оқасы жоқ. Өйткені қайтып оралатын мәңгі көркі бар. Осындай мәңгі жұбайлықтың құрметіне қандай да бол-сын қолымнан келген жанкештілікті, мейірімділікті жасаймын" деп, әлгі мосқалдау зайыбына сұлу хор қызындай қарапг махабба-ты мен жанашырлығы арта түседі. Әйтпесе екі сағаттық қана қып-қысқа жұбайлық жалған, мәңгілікке қоштасу, қайта көріспейтін ажырасумен тынатын жұбайлық тым алдамшы, баянсыз да негізсіз. Хайуан секілді өз жынысынан болғандықтан ғана бірін-бірі сыйлап, жанашырлық етуі мүмкін. Бас пайдасы мен басқа да сезімдер сыйлас-тық пен мейірімділікті басып кетер болса, дүниеуи жәннат хайуандардағыдай жәһәннамға айналады.
Міне, көріп отырсыздар, бұл - хаширға нанымның жүздеген нәтижелерінің бірі, адамның қоғамдық өміріне тигізер зор пайда-сы. Әрі осы бір ғана пайдасының жүздеген тиімді жақтары мен қыр-сырын жоғарыда аталған төрт дәлелге салып қарайтын болсақ, хаширдың ақиқат екендігі әрі оның жүзеге асуы - адамгершілік деген үлы ақиқатпен үштасып жатқандығы айдан анық мәселе, Адам тәнінің ашығуы тағамның бар екендігіне бүлтартпас айғақ болатыны сияқты, оның да жүзеге асуы, болатыны анық. Егер хашир ақиқатының нәтижелері адамзаттан аулақ қалса, өте маңызды әрі күрделі, жоғары да өміршең адамгершілік микроб дорбасына, сасық қоқысқа айналып, қүлдырап кетер еді,
Адамзатты басқару мінез-құлық, әлеуметтік тіршілікпен тікелей байланысты, социологтар, саясатшылар, эстетика-этика мамандарының қүлақтары шыңылдасын. Келсін... мына бос жерді немен толтырар екен? Олар осы бір те-рең жараны емдей алар ма?