АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 51
(1-151)
ЕКІНШІ НҮКТЕ

Хаширдың шындық екендігіне шексіз айғақтар бар. Соларды басқа иман шарттары қалай дәлелдейді? Соны күрделі де қысқаша баяндаймыз, Хазіреті Мүхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламның елшілігін дәлелдейтін, барлық мүғжизелері әне пайғамбарлығы мен оның ақиқаттығын дәлелдейтін өрнек айғақтар түгел тұтаса келіп, хаширдың хақ әрі міндетті үрде болатындығына шәһәдет етіп, нықтай түседі.

Өйткені оның өмір бойы күресіп, ұмтылган дауасы уахданиет болатын болса, одан кейінгі дауасы хаширға келіп тіреледі. Және барлық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизелері, айғақтары сол бір ақиқатқа қайта келіп тіреледі. һәм кәлимесінен түратын шәһәдетін толықтырып, анықтай тусетін шәһәдеті де сол бір ақиқатты дәлелдей туседі. Былайша: әуелі Қасиетті Құранның хақ екендігін ақиқаттайтын бар-лық мұғжизелері мен айғақты шындықтары тү^елдей тұтаса келіп хаширдың болатынын куәландырып, анықтай түседі дедік қой. Енді соған тоқталып өтейік, Қасиетті Қүранға зер салып қарайтын болсақ, оның үштен бірі ха-шир болып келеді, Көптеген қысқа сүрелердің бас жағындағы аяттар хашир аяттары. Мыңдаған аяттар сол бір ақиқатты кейде ашық, кейде астарлап білдіреді әрі дәлелдеп береді. Мәселен:

сияқты отыз-қырық сүре бастаулары хашир ақиқатын бүкіл әлемдегі ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екендігін анық түрде білдіреді. Сол сияқты басқа аяттары да хашир ақиқатын көптеген дәлелдермен оаяндаи оты-рып мойындатады.

Дыбыс жоқ