АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 52
(1-151)

Апырым-ай, Ислам ілімдері ішінде бір ғана аятының бір ғана ишараты көз алдымызда сан-алуан ғылым мен жараты-лыстану саласында маңызды рөл атқарған Ислам білімінде күнімізде бір аяты, бір ишараты ғылыми болсын, жаратылыстану саласында болсын көптеген ақиқат шашқан бір кітаптың осыншама куәліктері, дауалары ха-ширдың айдан анық екенін көрсетіп түрғанда, оны өтірік деу айды жоққа шығару немесе бүкіл әлемді жоққа шығару сияқты ақымақтық емес пе? Жүз есе бекершілік пен жалған болмай ма? Апыр-ай, бір сүлтанның бір ғана ишаратын өтірікке шығармау үшін, кейде қалың әскер майданға шығыпг соғысқандары да мәлім емес пе? Ал әлгі тым салмақты да намысты Сұлтанның мыңнан аса сөздері мен уәделері, сондай-ақ ескерту-лері өтірік, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Ақиқат болмауы мүмкін бе? Он үш ғасыр үздіксіз сансыз рухтарға, саналарға, көңілдерге, жандарға хақпен, ақиқатпен үкім еткен, тәрбиелеп, билеп, басқарған осы бір мағынауи аса абыройлы Сүлтанның бір ғана ишараты әлгіндей бір ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тұра, оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап, хашир ақиқатын көрсетіп дәлелдегеннен кейін, оны мойындамаған бір қараңғы ақымақ үшін жәһәннамның зор азабы қажет емес пе? Әрі тым әділетті іс емес пе? Сондайақ өз заманын, дәуірін басқарған барлық сәмауи па-рақтар мен қасиетті кітаптар болашақ пен өткенді, яғни барлық заманға үкім ететін Қүранның дәлелдерімен, анықтамаларымен, түсініктемелерімен баяндаған хашир ақиқатын ғасырына, заманына сай түрде қабылдай отырып, ашық түрде емес, мухтасар түрде баяндап келген. Алайда олар да бүлтарт-пас айғақ болып табылады. Демек, олар да Қүранның дауасын мыңдаған ишараттармен қуаттап отыр.

Дыбыс жоқ