АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 49
(1-151)

Екіншісі. Адамзаттың шамамен жартысы болып табылатын қарттар бауыр басып қалған дүниелерінің жақында өшіп қараң қалатынын ойлап күйзелгенде, тек о дүниелік өмір арқылы ғана көңілін жұбатады. Яғни, та-яп қалған қабіріне үрейлене емес, сабырлы-лықпен байыпты қарайды. Сәби тәріздес нәзік рухтары мен морт сынғыш көңілдері ажалды ойлап, айырылысудан болатын ауыр қайғыға, үрейлі үмітсіздікке қарсы, тек, сол мәңгі өмір сүру үмітімен қарсы тұра алады. Әйтпесе, осы бір ардақты да аяулы, жан ты-ныштығына тым мүқтаж уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып, рухани зар-дап шегетіні сондай, мына дүние оларға бір зындан, ал өмір болса жан төзгісіз ауыр азап болар еді.

Үшіншісі. Адамзат қауымында маңызды рөл атқаратын жастар болып табылады. Олар-дың бойындағы алып ұшқан сезімдерін, кейде асыра сілтеп жіберетін нәпсі мен әуестіктерін жөнге салып, зұлымдық пен бүзақылықтан тежеп, қоғамдық өмірді реттеп отыратын тек жәһәннам ұғымы. Әйтпесе, билік жеңімпаздың қолында қағидасы орнап, ал жастар әуестікке салынып, бейшара әлсіздер мен нәзіктерге зорлық-зомбылық жасап, дүниені жәһәннамға, ал жоғары адам-гершілікті азғын айуандыққа айналдырар еді.

Төртіншісі. Қоғамда ұйымшыл орталық, дүниеуи жәннат, бір баспана қорған, әр адам-ның отбасы - негізгі күш. Әркімнің отбасы - оның өзіндік дүниесі. Тұрмыс-тіршілігі мен бақыты адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік сияқты қасиеттер арқылы бола-ды. Ал шынайы сыйластық мейірбандық бол-са мәңгі жалғасатын ынтымақ, достық, шексіз жолдастық, өшпес серіктік, сондай-ақ мәңгі өмірде де әкелік, перзенттік, ағайындық, жұбайлық қарым-қатынас одан әрі де жалғаса бермек деген ұғым зор сеніммен ғана іске асады.

Дыбыс жоқ