Мәшhүр бір кісі былай деген екен:
яғни: ⌠Дұшпанымды өсекпен жазаландырудан бойымды аулақ ұстаймын және дәтім бармайды. Өйткені өсек әлсіз, опасыз төмен адамдардың қаруы.■ Өсек: жамандалған кісі қасында тұрса және тыңдаса жиіркеніп көңілі қалып ренжитін еді. Егер тура десе, боса да өсек болып есептеледі. Егер жалған, өтірік десе әрі жала болады. Екі есе жиіркенішті күнә болып табылады.
Өсек, бірнеше ерекше жағдайда мүмкін: Біреуі: Өзінің ақысын жеген адамды өрескелдігі мен нойыстығы үшін жауапқа тарту мақсатымен қызметтегі адамнан арыз, шағым түрінде жәрдем сұрайды.
Біреуі: Бір адам біреумен істес болғысы келеді. Бірақ, сенімен ақылдасып ақыл кеңес сұрайды. Сен де дұшпандық ойламадан тек қана мәслихат ниетімен ақылдасудың ақысын орындау үшін: ⌠Ол кісімен бірге жұмыс істеме. Себебі зиян көресің.■