БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 24
(1-26)
Бесінші, сөзімен былай дейді: Осынша көптеген жақтарымен бауырыңыз саналатын бейкүнә біреудің рухани тұлғасыны ынсапсыздықпен тістелейтіндей ешқандай аяушылығыңыз, туысқандық жақындығыңыз жоқ па? Өз денеңізді өзіңіз диуана секілді тістелейтіндей не көрінді, ешқандай түйсігіңіз қалмады ма?
Алтыншысы, сөзімен дейді: ұжданыңыз қайда? Қадірлі бауырыңыздың етін жеу секілді нағыз жиіркенішті істі жасайтындай жаратылысыңыз бұзылған ба?
Демек, осы аяттың білдіруі мен сөздерінің жеке жеке дәлелдегеніндей жамандау мен өсек, ақыл мен жүрегімізге, адамгершілік пен ұжданымызға, жаратылыс пен ұлтымызға сыйыспайтын, керіағар жаман нәрсе. Енді қара: осы аят қалайша даналықпен алты тұрғыда жамандауды жамандау арқылы кереметтей алты дәреже әлгі күнәден сақтандырады.
Өсек, өшпенділік пен қастық және қырсықтық ұстайтындардың ең көп қолданған ұждансыз бір қаруы болып саналады. Намыс иесі осы жаман қаруды қолдануға дәті бармайды.

Дыбыс жоқ