БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 21
(1-26)

Әй, жомарт әрі кеңпейіл жандар! Сондай-ақ, әй, ар-намысты бауырлар! Сый-сыяпатыңызды зекет деп бермесеңіз, үш зияны бар. Кейде босқа кетеді. Өйткені: Аллаh үшін бермегесін, іштей міндетсінесің. Байгус кедейді жасаған жақсылығыңның тутқыны қылып тастайтың. Әрі қабыл болғыш дүгасынан мақурым қаласың. Әрі, шындығында Жәнабы Хақтың байлығын қулына үлестіруде таратушы қызметкер ретінде бола турып, өзіңді байлықтың иесімін деп ойлап, нығметке күпірлік жасайсың. Егер зекет ретінде берсең, Аллаh үшін бергендігіңнен үшін сауапқа батасың, әрі берілген нығметке шүкірші-лігіңді көрсетесің. Әлгі муқтаж адам да саған жалбақтауға мәжбүр болмағаны үшін қорлыққа түспей абыройын сақтап қалады, әрі дуғасы сенің үшін қабыл болады. Иә, зекет секілді, тіпті одан да бетер сыйлық пен садақа беру қайда; немесе басқаша түрде көзбояушылық пен атақ-даңқ секілді, міндетсіну мен кемсіту секілді унамсыз нәрселерге ие болу қайда?

Зекет деп әлгіндей жақсылықтарды жасап, әрі парыздарды орындап, hәм сауапқа, hәм ықыласқа, hәм қабыл болғыш дуғаға ие болу қайда?...


Дыбыс жоқ