Осы оқиғалардың сыры мынау: Бір нанның ауызға келіп түсуі үшін егін, қойма, диірмен, ошақтан өтетіні белгілі, дәл сол сияқты заттың тәртібінде, хикметтің жәймен-жәймен мунтаздай ықтиятпен көрінуі бар. Тағат-сыздық пен ашкөздіктің кесірінен ықтияпен әрекет жасамағаны үшін, әлгі заттағы тәртіпті, рухани баспалдақтарды көзге ілмейді. Сөйтіп, я аттап қулайды немесе бір баспалдақты кем қылып, көздеген мақсатына шыға алмайды.
Міне, әй тіршілік қамымен есеңгіреген әрі дүниеге деген ашкөздікпен мас болған ағайындар! Ашкөздік, осыншама бәлелі нәрсе болса да, қалайша ашкөздіктің жолында барлық қорлықты қабылдап әрі адал-арам демей барлық мал-мүлікті жинап, о дүниедегі өмірге керек көп нәрселерді қурбан етіп жатырсыңдар. Тіпті Ислам дінінің шарттарының ең маңызды шарты зекетті ашкөздіктің жолында тәрк етіп жатырсыңдар. Алайда, зекет әркім үшін берекеттің себебі, әрі бәлелерге тосқауыл болып табылады. Зекет бермегеннің қолынан зекеттің мөлшеріндей байлық шығады немесе керексіз жерлерге жумсалады, я болмаса бір бәле-жалаға душар болып, сонымен кетеді.