Бірінші адам инабатты түрде кіріп, ең төменгі орынға жайласпақшы болады. Оның бұл қанагаты, үйдің иесіне унайды. Оған: "Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз,"- дейді. Ол болса жоғарылаған сайын рахметін көбейте түсіп, ризашылығын арттырады.
Мына, дүние жанға жайлы қонақ үй секілді. Жер беті бай бір дастарқан. Рызықтардың түрлері мен нығметтердН мәртебелері де орындар секілді.
Һәм өте елеусіз істерде әркім ашкөздіктің теріс ықпалын сезе алады. Мысалға: Екі қайыршы жалбарынып түрған кезде, ашкөздікпен тіленіп түрган қайыршыны жақтырмай, үндемей турган екінші қайыршыға мейірімің түсіп, бересің. Бүны әркім жүрегімен сезеді.
Һәм, мысалға: Түнде үйқың қашса, сенің жатқың келсе, мән бермесең үйқың келуі мүмкін. Егер ашкөздікпен өжеттеніп үйықтамақшы болып "Қой, үйықтауым керек, үйықтайын" деп дегбірсең, ұйқың түгелдей қашады.
Һәм, мысалға: Маңызды бір жүмыс үшін біреуді тагатсыздана күтіп түрсың. "Келмеді гой, кешікті ғой,"- деп турып тағатсыздығың, сабырың таусылады. Сен де турып кете бересің. Бір минуттан кейін күткен адамың келеді. Бірақ, осыншама күткен маңызды жумысың орындалмай қалады.