Хадис шерифлерде ⌠Ақырзаманның Суфян мен Тажал секілді іріткі мен дінсіздіктің басына өтетін қорқынышты зарарлы тұлғалары Исламның және адамзаттың ашкөздігі мен алауыздығынан пайдаланып азғантай бір күшпен адамзат баласын тас-талқан етіп, Ислам әлемін бұғауға алады.
Әй, әхли иман! Қайыршылық ортасында бұғауға түскіңіз келмесе, естеріңді жина! Ынтымақсыздығыңыздан пайдаланған залымдарға қарсы қасиетті қорғанның ішіне кір, панала. Әйтпесе өміріңізді де, құқығыңызды да қорғап сақтай алмайсың. Екі батыр бір бірімен теке тіресіп жатқан кезде жасөспірім бір баланың екеуін де ұра алатынын белгілі нәрсе. Бір таразыда екі тау бір біріне қарсы тепетеңдік сақтап тұрса кішкентай бір тас тепетеңдіктерін бұзып, орындарынан ойнатып, біреуін жоғары, біреуін төмен түсіреді.
Міне, әй, әхли иман! Ашкөз мінездеріңізден және мысық тілеу кекшілдігіңізден күш-қуатыңыз сарқылады, азғантай күшпен езіліп, мыжылып кетуіңіз мүмкін. Әлеуметтік тіршіліктің ішінде болсаңыз ұлы ережені өміріңіздің қағидасы деп қабылдаңыз. Тұрмыстың қиыншылығынан және ахиретттің ауыртпалықтарынан құтылыңыз!
Алтыншы жақ: Рухани тіршілік және дұрыс құлшылықтың шырқы өшпенділік және қырсықтық ұстаудың нәтижесінде бұзылады. Өйткені, тыныштық пен амандыққа жеткізуге себепші ⌠Ықылас■ босқа кетеді. Себебі, мысық тілеу қырсық өзінің жақсы іс-әрекеттерінде бақталасынан үстем болғысы келеді. Қулықсыз Аллах үшін іс-әрекет жасау қолынан келмейді. Әрі, шешімге келу мен жүріс тұрысында жақтасыны артық көріп дұрыс жасамайды. Міне, жағымды жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттердің негіздері болған ⌠Ықылас■ пен ⌠Әділет■ дұшпандық пен өшпенділік арқылы жоғалады. Осы Алтыншы жақ өте үлкен. Бірақ мақамның мүмкіншілігі тар болғандықтан қысқаша бітіреміз.