⌠Сыртқы дұшпандардың көрінуі мен шабуылында іштегі өшпенділіктерді ұмыту мен тастау■ секілді әлеуметтік мәслихатты ең бәдәуи тайпалар да түсініп орындап жатқан кезде, мына Ислам жамағатына қызмет етіп жатқандарға не көрінді, бірінен кейін бірі анталап тұрған шексіз дұшпандар тұрған кезде, ұсақ-түйек өшпенділіктерін ұмытпай дұшпандарының шабуылына қолайлы (оңтайлы) жағдай туғызып отыр. Осы жағдай үміт отының сөнуі мен жабайылықтың нақ өзі. Исламның әлеуметтік тіршілігіне жасалған үлкен қиянат болып табылады.
Үлгі-өнеге боларлық бір оқиға: Бәдеуи руларының ішінде Хасенан руының бір біріне дұшпан екі қауымы бар екен. Бір бірі ішінен елу адамдан да көп кісіні өлтірсе де: Сипсаң немесе Хайдеран руы секілді бір қауым алдарына шыққан кезде әлгі бір біріне дұшпан, өш екі тайпа ескі өшпенділіктерін ұмытып иық тіресіп, сырттан келген руды қуғанға дейін ішкі өшпенділіктерін еске түсірмейді.
Міне, ей мұсылмандар! Әхли иман қауымына қарсы анталап тұрған қаншама қауым бейнесіндегі дұшпандардың бар екенін білесің бе? Бір бірінің ішіндегі шеңбер секілді жүз шеңберден астам алқа бар. Әр біреуіне арқа сүйеп, тіреніп қол ұстаса қорғаныс жағдайына көшуге мәжбүр болудың орнына олардың шабуылын оңайлатып, әркімнің енуіне болмайтын пәк Исламға кіріп кетуіне қақпа ашқандай болған кекшілше тілеулестік пен өшпенділікше қырсықтық, қандай тұрғыда болсын әхли иманға жараса ма? Әлгі дұшпан шеңберлер дінсіздер мен имансыздардан бастап, кәпірлердің әлеміне, дүниенің ахуал мен ауыртпалықтарына дейін бір бірінің ішінде сізге қарсы зиянды түрге еніп, бір бірінің арқасында сізге ашу-ыза және ашкөздікпен қараған бәлкім жетпіс түрлі дұшпандар бар. Бүкіл осыларға қарсы қуатты қаруың мен қорғанысың Ислам бауырмалдығы. Осы Ислам қорғанын кішкентай өшпенділіктер мен сылтаулармен теңселту ұждан және Ислам мәслихатына қаншалықты теріс екенін біл, есіңді жи!