БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 11
(1-26)

Бесінші жақ: Әлеуметтік тіршілік тұрғысынан қырсықтық пен тілеулестіктің өте зиянды екенін баяндайды. Егер десең, хадисте айтылған екен. Алауыздық болса тілеулестікті талап етеді. Хәм тілеулестік сырқаты жай халықты залым атқа мінер шонжарлардың зорбалығынан құтқарады. Өйткені, бір аймақтың және бір ауылдың шонжарлары біріксе жай қарапайым халықты езеді. Тілеулестік болса бір жағына сығынып өзін құтқарады. Хәм пікірлердің тартысынан және ақыл-ойларының үйлеспеушілігінден ақиқат түгелдей көрінеді.

Жауап: Бірінші сұраққа былай жауап береміз. Хадистегі алауыздық жағымды алауыздық. Яғни әрқайсысы өзінің мамандығының өсіп өркендеуіне әрекет етеді. Басқаларының бұзып және жоюына емес, кемелдендіріп жөнделуіне тырысады. Ал, бірақ жағымсыз алауыздық болса дұшпандылықпен, өшпенділікпен бұзып құртуына тырысады. Хадис тұрғысында қабылданбайды. Өйткені, бір бірімен тартысқандар жағымды әрекет жасай алмайды. Екінші сұраққа былай дейміз: Тілеулестік егер Хақ жолында болса, сол жолдағыларға пана болады. Алайда осы сәттегі қастық, нәпсі үшін болған тілеулестік хақсыздарға пана болғаны сондай, оларға сүйеніш болады. Өйткені, қастықпен тілеулестік жасаған бір адамға шайтан келіп оның пікіріне көмектесіп жақтасса онда әлгі адам шайтанға рахмет айтады.Егер қарсы жаққа періштедей бір адам келсе, Құдай сақтай көрсін, оған лағнет айтатындай хақсыздық жасайды. Үшінші сұраққа былай дейміз: Хақ жолында ақиқат үшін болған пікірлердің таласуы болса; мақсат пен негізде ауызбіршілікті сақтай отырып себептерде үйлеспеушілік көрсетеді. Алайда, тілеулестік пен қастық жолындағы перғауындай болған менменшіл нәпсі үшін менмендік, даңғойлық бейнесіндегі пікірлердің таласынан ⌠шынайы ақиқат■ емес, бәлкім араздық ұшқындары шығады. Өйткені, мақсатта бірігулері қажет болып тұрған кезде бұндайлардың пікірлерінің де жер шарында түйісу жері болмайды. Хақ жолында болмағы үшін шексіз асыра сілтеу жолына түсіп кетеді; жазылмаған жаралар болған бөлінушіліктерге себеп болады. Қазіргі әлемнің жағдайы бұған дәлел бола алады.

Дыбыс жоқ