БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 8
(1-26)

үкімі бойынша мұсылманның жүріс-тұрысы кәрім болу. Сенің сыйлауыңмен саған жақындайды. Сырт көрініске дөрекі (пасық) болса, иман тұрғысында қадірлі. Ия, жаман адамға ⌠жақсысың, жақсысың■ десең жөнделіп кетуі және жақсы адамға ⌠жамансың, жамансың■ десең бұзылып кетуі көп кездескен. Олай болса

секілді Құранның қасиетті ережелеріне құлақ сал; бақыт пен амандық сонда.

Төртінші ереже: Кекшілдер мен өшпеншіл жандар хәм нәпсісіне хәм мұсылман бауырына әрі Алланың мейірімділігіне зұлымдық жасап шектен шығады. Өйткені, кек пен өшпенділік арқасында нәпсін жан төзгісіз азаптың ішіне тастайды. Бақталасына келген нығметтердің азабы мен қорқыдан келген уайым-қайғыны нәпсісіне тарттырады, нәпсісіне зұлымдық жасайды. Егер өшпенділік қызғаншақтықтан туындаса онда нағыз азап болады. Өйткені, қызғаншақтық ең алдымен қызғаншақтың өзін күйдіріп жандырып жоқ қылады. Бақталасы болса бұл жағдайдан аз зиян көрер немесе ешқандай көрмес. Қызғаншақтық шарасы қызғанған адам қызғанған нәрселердің нәтижесіні, соңын ойласын. Бақталасындағы дүниелік сұлулық пен күш, мәртебе мен байлық фәни, уақытша екенін түсінсін. Пайдасы аз, машақаты көп. Егер ахиреттік қасиеттер болса, оларда қызғаншақтық мүлдем болмайды. Егер оларда көре алмаушылық жасаса онда ахирет малыны дүниеде жоюға тырысқан екіжүзді. Немесе бақталасыны екіжүзді деп ойлап хақсыздық жасап зұлымдық қылады. Хәм оған келген бәле-жалаларға қуанса, нығметтерге қынжылады, оған жасалған жақсылықтарға іші тарылып тағдыр мен Алланың мейірімділігіне ренжиді.

Дыбыс жоқ