БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 9
(1-26)

Тағдырды сынап мейірімділікке қарсы тұрады. Тағдырды мінеп-сынаған, басын төске соғып жарады. Мейірімділікке қарсы шыққан мейірімділіктен мақрұм қалады. Ғажабы; бір күн өшпенділікпен жауап беруді қайсы ынсап дұрыс көреді. Жөні дұрыс қандай ұждан қабылдай қояды. Өйткені, мұсылман бауырынан саған келген жамандықты түгелдей оған жүктеп қойып айыптай алмайсың. Себебі; біріншіден ол кісіде тағдырдың бір үлесі бар. Оны алып тастап тағдыр мен оқиға үлесіне қарсы ризашылықпен жауап берілуі тиіс. Екіншіден; нәпсі мен шайтанның да үлесіні ескеріп әлгі адамға өшпенділік түгіл мүмкін нәпсісіне жеңіліп қалғаны үшін аяу керек және пұшайман болатынын күту керек. Үшіншіден; сен өзіңнің нәпсіңде байқамаған немесе байқағың келмеген кемшіліктерді көр оған да бір үлес бер. Кейін артта қалған кішкентай бір үлеске қарсыласыңды ең сәлеметті және өте тез тізе бүктіретін ғапу мен кешірім арқылы адамгершілікпен жауап берсең зұлымдық пен зарардан құтыласың. Әйтпесе, шишалар мен мұздың сынықтарын алмас бағасына алған мас әрі диуана зергер еврей секілді бес тиынға тұрмайтын фәни, алдамшы, түкке тұрғысыз дүниялық істер; дүнияда мәңгі бақи бірге болатын секілді асқан ашкөздік пен кетпес кектену арқылы әрдайым өшпенділікпен жауап беру асыра сілтеушілікпен жасалған зұлымдық немесе мастық болып табылады. Әрі диуаналық болып есептеледі. Міне, жеке бас тұрғысынан осыншама зиянды болған өшпенділікпен кектену пікірі -егер жеке басыңды құрметтесең- жүрегіңе енуге жол берме. Егер жүрегіңе енсе оның үніні тыңдама. Қара, шыншыл болған Хафіз-і Ширазиды тыңда:

Дыбыс жоқ