БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 10
(1-26)

Яғни: ⌠Дүние сондай пайдалы нәрсе емес қой, сол үшін төбелесетіндей.■ Өйткені: Фәни және өткінші болғандықтан құнсыз. Алып, кең дүние осындай болса дүниенің ұсақ түйек істерінің қаншалықты елеусіз екенін түсінерсің. Әрі былай деген екен.

Яғни: ⌠Екі жиханның рахат пен сәлеметін екі әріп тәфсір етіп жеткізеді: Достарына адамгершілікпен қарым-қатынас, дұшпандарына ынтымақшыл әрекет жасау керек.■ Егер десең: ⌠Өз қолымда емес, жаратылысымда өшпенділік бар. Хәм жүйеме тиеді, тастай алмаймын.■

Жауап: Жаман мінез-құлық іздері байқатылмаса және өсек секілді нәрселермен оны керек қылған нәтижелермен амал (іс-әрекет) жасалмаса; кемшілігіні де түсінсе зияны тимейді. Еркің өз қолыңда емес, тастай алмайды екенсің. Сенің іштей пұшайман болуың жасырын тәубе мен кешірім болып қабылданатын кемшілігіңді білуің және бұл мінезде хақсыз екеніңді түсінуің оның жамандығынан сені құтқарады. Іштей кешірім сұрауды үйренсін, хақсыздықты хақ деп ойламасын, хақлы болған адам қарсыласыны хақсыздықпен жария қылмасын деп осы хаттың осы тақырыбыны жаздық. Өте маңызды бір оқиға: Баяғыда өшпенділікпен болған тілектестіктің нәтижесіні көрдім: Діндар ғалым өзінің саяси көзқарасына қарсы адал ғалымды кәпірлік дәрежесіне дейін жамандады. Өзінің пікірінде болған бір мұнафықты құрметтеп марапаттады. Міне, саясаттың осы жаман нәтижелерінен шошынып -аят- дедім. Сол уақыттан бері саясаттан аулақ тұрдым.

Дыбыс жоқ