Сонымен:
болған алып ережені іс-әрекетіміздің ережесі ретінде қабылдамасақ алауыздық пен бөлінушілік күнделікті тіршілігімізде орын алады. Иә,
демесе, бұл ережелерді көзге ілмесе, әділет жасаймын деп зұлымдық жасайды. Өрнек болатын оқиға. Баяғыда имам Али (Р.А.) кәпірді жерге жығады. Қылышын қынынан суырып кәпірді кесейін деген сәтте кәпір оған түкіріп жіберіпті. Хәзіреті Али кәпірді кеспей жібере салыпты. Кәпір сонда сұраған екен: ⌠Неге мені өлтірмедің?■ Хәзіреті Али ⌠Сені Аллах үшін өлтірейін деп едім. Бірақ маған түкірдің. Ашуға келдім. Нәпсім араласқан үшін ынта-ықыласыма нұқсан келді. Сол үшін сені өлтірмедім.■ Әлгі кәпір: ⌠Мені тезірек шабуың үшін ызаландырмақшы болдым. Дініңіз осыншама пәк әрі шынайы болса, онда ол дін хақ■ деген екен. Тағы көңіл аударарлық бір жәйт: Өткен заманда бір хаким ұрлықшының қолыны кескен кезде ыза болып, лебін көрсеткен екен. Бұны байқап қалған әділеттің әміршісі оны міндетінен босатып жіберіпті. Өйткені, шариғат үшін, Аллахтың заңы жолында кессе нәпсісі оған ашитын еді. Жүрегі ашу-ыза көрсетпей, бірақ мейірімділік (аяушылық) те көрсетпейтіндей қылып кесуі тиіс. Демек, нәпсісіне әлгі үкімден бір үлес бергені үшін әділеттікпен істемеген екен. Қынжылатын әлеуметтік жағдай мен Ислам жүрегін қан жылататын өте қорқынышты әлеуметтік тіршілік сырқаты: