Әй, әхли иман! Өткеннен, кек сақтаудың қаншалықты зарарлы болғанын түсіндің. Әрі біліп қой! Кек сақтау сияқты Ислам дінінің тіршілігіне өте қорқынышты зарарлы дерт ашкөздік. Ашкөздік үмітсіздік пен дертке, қорлыққа себеп болып, мақурымдық пен кедейшілікке үрындырады. Иә, барлық халықтан бүрын, ашкөздікпен дүниеге үмтылган еврей халқының қор болуы мен кедейшілігі бүл үкімнің нақты куәгері болып отыр.
Иә, ашкөздік; тіршілік әлемінде ең кең алаңнан бастап, ең елеусіз нәрсеге дейін теріс әсерін көрсетеді. Тәуекелше талап етілген ризық болса, қайта рахатқа себепші болады, әрі барлық жерде оң әсерін көрсетеді. Міне, кейбір тіршілік иелері мен рызыққа мүқтаж болган ағаштар, өсімдіктер тәуе-келше, қанағатшылдықпен орындарында түрып, ашкөздік жасамағандықтан, рызықтары оларға жүгіріп келіп жатыр. Жануарлардан да көп үрпағын асырайды. Жануарлар болса, ашкөздікпен рызық-тарының соңында жүгіргендері үшін өте көп қиын-шылықпен нүқсан рызықтарына қолдары жетеді. Әрі жануарлар әлемінде, бейшара әрі әлсіз халінің тілімен тәуекел еткен төлдердің заңды және толық әрі нәзік рызықтары рақымдылықтың қазынасынан берілуі; және ашкөздікпен рызықтарына үмтылған жануарлардың заңсыз әрі өте көп қиыншылықпен тапқан жағымсыз ризықтары: Ашкөздіктің мақүрым-дыққа себепші екенін, тәуекел мен қанағат болса рақымдылыққа себебші болатынын көрсетіп отыр.