Сондай-ақ, адамзат қауымындағы барлық халықтан артық дүниеге ашкөздікпен жабысқан, дүниелік тіршілікке ғашықтықпен байланган еврей халқы, өте көп қиыншылықпен тапқан - өзіне пайдасы аз, тек қазыналық еткен - өсімқорлықтан келген заңсыз байлығы мен бүкіл халықтан жеген қорлық пен кедейшілік, өлтіру мен жою тоқпақтары, ашкөздіктің қорлық пен зиянкестіктің қайнагы екенін көрсетеді.
Әрі ашкөз бір адамның әрдайым зиянға урынға-нына байланысты оқиғалардың көпшілігі соншалық мәтелге айналып, жалпы қауымның назарында жалпыға ортақ шындық ретінде қабылданған. Сонымен, егер мал-мүлікті өте жақсы көрсең, ашкөздікпен емес, керісінше қанагатшыл-дықпен мал-мүлікті талап ету керек.
Қанағатшылар мен ашкөз қүмарпаздар мына екі кейіпкерге үқсайды: Үлкен бір кісінің қонақүйіне кірген біреуі іштей: "Мені кіргізсе болды, сырттағы суықтан аман қалсам сол жетеді. Ең төмендегі орын да мен үшін қүрмет болып табылады,"- дейді. Екінші адам ақысы бар сияқты әрі әркім оған қүрмет көрсетуге мәжбүр секілді өркөкіректікпен: "Маган ең жоғары жерден, төрден орын беруі керек,"- дейді. Ол ашкөздікпен кіріп, көзін төрге жүгіртіп, жоғары шыққысы келеді. Алайда қонақүйдің иесі оны кері қайтарып, төменге отырғызады. Қонақ үй иесіне рахмет айтудың орнына іштей ашуланады. Алғыс емес іштей мінеп отырады. Үй иесі болса қабақ түйіп жақтырмайды.