Бірінші дүние жүзілік соғыстың бесінші жылында бір қызық әрі ақиқат бір түс көрдім. Түсімде менен: "Мусылмандарға келген бул аштық, әрі байлығының шығынға ушырауы мен шаршауы, машақатқа түсуі неден?"- деп сурады. Түсімде жауап ретінде: "Кедейлердің дүга мен алғыстарына ие болсын деп, әрі кек пен душпандыққа тосқауыл болсын деп Жәнабы Хақ бізден кейбір байлықтың оннан бірін (Сілтеме) немесе кейбір байлықтың қырықтан бірін (Сілтеме), өзінің берген байлығынан біреуін бізден талап етті. Біз ашкөздік етіп, сараңдық жасап бермедік. Жәнабы Хақ жинақталып қалған зекеттің қырықтан отызын, оннан сегізін алды. Һәм, әр жылда тек бір айда жетпіс хикметі бар бір аштықты бізден талап етті. Біз нәпсімізді аядық, өткінші әрі ләззәтті бір аштықты тартпадық. Жәнабы Хақ жаза ретінде жетпіс түрлі бәлесі бар оразаны бес жыл бойы зорлықпен бізге тутқызды. Һәм, жиырма төрт сағаттың бір ғана сагатын рахат әрі маңызды, нурлы әрі пайдалы Раббани әмірге жумсауын талап етті. Біз жалқаулық жасап, әлгі намаз бен дуғаны орындамадық. Әлгі бір ғана сағатты басқа сағат-тармен қосып босқа жібердік. Жәнабы Хақ оның өтемі ретінде бес жыл тәлім мен буйрықтар арқылы жүгіртумен бізге бейне бір намаз оқытты,"- дедім.
--------------------------------------------------(Сілтеме)яғни: жыл сайын беріп турган бидай секілді байлыцтың оннан бірі.
(Сілтеме) яғни: баягыдан беріп келе жатқан қырықтың үстіне эр жыл, саудадан түскен пайда мен хайуан төліне он дана қосып береді. Ал талап еткен зекет болса былтыргы малдың қырықтан бірі.