Содан оянып кетіп, ойландым: Манағы қияли түсімде өте маңызды шындық бар екен. "Жиырма бесінші сөз"дегі мәдениет пен Қуранның үкімдерін салыстырған жерде дәлелденгендей және баяндал-ғандай адамзаттың әлеуметтік тіршілігінде бүтін әдепсіздік пен төңкерістердің қайнар көзі екі ауыз сөз екен.
Біреуі: "Өзім тоқ болғаннан кейін басқасының аштан өлгенінде менің не жумысым бар."
Екіншісі: "Сен жумыс істе, мен жейін." Осы екі сөзді де жалғастыра узартып отырған: Өсімқор-лықтың қулаш жаюы мен зекеттің тәрк етілуі. Осы екі үрейлі әлеуметтік дертке дауа болатын тек бір шара: Зекеттің жалпы дәстүр ретінде жүргізілуі. Зекеттің шарттылығы мен өсімқорлыққа тыйым салу. Һәм, жеке тулгалар мен жамағаттар ғана емес, тіпті жалпы адамзат қауымының бақыты, өмірі үшін ең маңызды шарт, тіпті адам баласының тіршілігінің жалгасуы үшін ең маңызды тірегі зекет болып табылады. Өйткені, адамзаттың таңдаулы зия-лылар және буқара деген екі топ бар. Зиялылардан буқараға жылы шырайлылық пен сыяпат, буқарадан да оларга қурмет пен мойынсунуды қамтамасыз ететін; зекет болып табылады. Әйтпесе, жоғарыдан буқараның басына зулымдық пен қысым келсе, буқарадан ауқаттыларға қарсы өшпенділік пен бүлік шыгады. Адамзаттың осы екі тобы арасында тоқтаусыз бір рухани күрес, айқасқан тартыс болады. Үлғайған сайын Ресейде болған сияқты еңбек пен капиталдың күресі ретінде, бір-бірін туншықтыруға умтыла бастайды.