Біріншісі: сен мамандылығыңды, пікірлеріңді тұра, дұрыс деп білген кезіңде, мамандығым тұра немесе ең жақсысы дей аласың; бірақ, тек қана менің мамандығым тұра, дұрыс деуге ақың жоқ.
сыры бойынша ынсапсыз көзқарасың мен ұждансыз пікірің төреші бола алмайды. Басқалардың мамандықтарыны жаңылыс деп кінәрат артып айыптай алмайды.
Екінші ереже: Сен былай дей аласың: Сөйлегенің шындық болуы тиіс. Алайда барлық шындықты сөйлеуге тиісті емессің. Әр сөйлегенің тура болуы тиіс, бірақ барлық тура нәрсені сөйлеу дұрыс емес. Себебі, сен сияқты ниеті бұзық (жаман) адам насихатты кей кезде жанды жеріңе тигізіп, теріс әсер бергізеді.
Үшінші ереже: Өшпенділік жасағың келсе, жүрегіңдегі өшпенділікке өшпенділік жаса, оны жоюға тырыс. Әрі ең көп саған зиян берген нәпсіңнің менменшілдігі мен шәуқани қалауларына өшпенділік жаса, оны жөнге салуға тырыс. Зиянкес нәпсіңнің көңілі үшін мұсылмандарға дұшпандық жасама. Егер дұшпандық жасағың келсе кәпірлер, дінсіздер көп; соларға өшпенділік қыл. Иә, қалайша ынтымақ, татулық сипаты татулыққа, ынтымаққа лайық. Сол сияқты өшпенділік мінезі бәрінен бұрын өзі өшпенділікке лайық. Егер қарсыласыңды жеңгің келсе жамандылығына жақсылықпен жауап бер. Өйткені: егер жамандылықпен жауап берсең, дұшпандылығы арта түседі. Сырт көрініске жеңілген болса да іштей кектеніп өшпенділігі жалғаса түседі. Егер жақсылықпен жауап берсең, өкініп саған дос болады.