Дәл сол сияқты: сен, Раббының үйі әрі кемесі болып есептелетін мұсылманның бойындағы иман мен Ислам және көршілік секілді тоғыз түгіл, тіпті жиырма бейкүнә сипат болып тұрған жағдайда саған ұнамаған зиянды болып көрінген бір ғана қаскөйлік сипатына бола оған кектеніп, өштесіп әлгі рухани үй болған денені рухани жағынан бұзылуына, батуына және өртенуіне әрекет немесе тілеуін тілеу дәл сондай қастық әрі жан төзгісіз зұлымдық болып есептеледі.
Екінші жақ: Хикмет тұрғысында да зұлымдық болады. Себебі: өшпенділік пен татулық, нұр мен түнек сияқты бір біріне қарама қайшы. Екеуі мағына жағынан бір бірімен біріге алмайды. Егер ынтымақ өзінің себептерінің жетекшілігінде жүректе ақиқи болса, онда өшпенділік шынайы болмайды. Жанашырлық түріне енеді. Иә, мұсылман, бауырыны сүйеді және сүюі тиіс. Бірақ жамандығы үшін жаны ашиды. Жөнделуіне қысым жасау арқылы емес, ілтипатпен тырысуы керек. Сондықтан Хадисы Шерифтің білдіруі бойынша, ⌠мұсылман мұсылманға үш күннен артық ренжімеуі тиіс.■
Егер өшпенділік себептері басым болып өшпенділік шынымен жүректе орын алса, онда татулық шынайы болмас, жасанды және жағымпаздық бейнесіне енеді.
Әй, ынсапсыз адам! Назарыңды аудар: Мұсылман бауырыңа өшпенділік пен кектену қаншалықты қатігездік. Өйткені, қалайша сен қарапайым кішкентай тастарды Қағбадан да қадірлі, Ухуд тауынан да үлкен десең қаншалықты ақымақтық жасайсың. Дәл сол сияқты Қағбадай құрметті иман және Ухуд тауындай алып Исламдық секілді көптеген Ислам сипаттары татулық пен ауызбіршілікті талап етіп тұрғанда, мұсылманға қарсы өшпенділікке себеп берген және қарапайым кішкентай тастар секілді болған кейбір кемшіліктерді иман мен Исламдықтан артық көрсең соншалықты ынсапсыздық, ақымақтық өте үлкен қатігездік жасағаныңды ақыл-есің болса түсінерсің.