Иә, иман бірлігі жүректердің бірлігін қалайды. Бір сенім де әлеуметтік бірлікті талап етеді. Иә, жоққа шығара алмайсың. Сен бір адаммен бірге бір бөлімшеде болсаң, әлгі адамға достық сезіммен жақындық сезінесің және бір қолбасшының қол астында бірге болғандықтан жолдастық ынта(ықылас) ойыңа келеді. Әрі бір отанда бірге өмір сүргесін бауырмалдық қарым-қатынас сезінесің. Алайда иманнан келген нұр мен ой арқылы және Алланың көптеген есімдеріндей саған көрсеткен және білдірген жалғыздық ынта(ықылас)тары мен бірлік байланыстары және бауырмалдық қарым-қатынастары бар.
Мысалы: Екеуіңіздің де Халиқыңыз бір, Маликіңіз бір, Мабудыңыз бір, Разықыңыз бір, бір, бір мыңдаған бір. Әрі пайғамбарыңыз, дініңіз, Қыблаңыз бір. Осы секілді жүздеген ортақ нәрселерің бар. Сондай-ақ ауылыңыз бір, мемлекетіңіз бір, қалаңыз бір; осындай ондаған ортақ нәрселер бірлік пен тек сенімді, бірігу пен ауызбіршілікті, ынтымақ пен бауырмалдықты талап етсе, әрі әлем мен планеталарды бір біріне байлай алатын рухани шынжырлар туған кезде; екіжүзділік пен алауыздыққа, кектену мен өштесуге себеп болған өрімшектің ауы секілді елеусіз және тұрақсыз нәрселерді артық көріп, мұсылманға қарсы ақиқи өштесу мен кектену әлгі бірлік байланыстарына қаншалықты әдепсіздік; ынтымақтың себептеріне қарсы жеңіл қарау және әлгі бауырмалдық қарым-қатынасқа қаншалықты қатігездік пен хақсыздық екенін жүрегіңнің жылуы сөнбесе, ақыл-есің болса түсінерсің.