Мұсылмандарда екіжүзділік пен алауыздық, кектену мен өштесуге себеп болатын жақтастық, қырсықтық пен көре алмаушылық ақиқат пен хикмет және адамзаттың тұғыры болған Ислам, сондай-ақ жеке бастың, әлеуметтік және рухани тіршілік тұрғысынан алып қарағанда жиіркенішті әрі зиянды, залал мен қастандық болып табылады. Осымен қатар, адам баласының тіршілігі үшін у болып есептеледі. Осы ақиқаттың көптеген жақтарынан алты жағыны баяндаймыз.
Бірінші жақ: Ақиқат тұрғысында зұлым болады. Ей, мұсылмандарға кектеніп өштескен ынсапсыз адам. Мысалы, бір кемеде немесе бір үйде сенімен бірге тоғыз бейкүнә мен бір қаскөй болса, сол кемені батырып немесе әлгі үйді өртеп жібергісі келген бір адамның қаншалықты зұлымдық жасайтынын білерсің. Бұл зұлымдығын жеті қабат көкке естілетіндей бақырып жеткізесің. Тіпті, жалғыз бейкүнә мен тоғыз қаскөй болған күннің өзінде де, әлгі кеме ешқандай әділеттілікпен батырылмайды.