БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ | 6
(1-26)

Үшінші жақ: Нағыз әділетті білдірген сырына қарағанда бір мұсылмандағы қатігездік мінезге бола, басқа бейкүнә жағымды сипаттарыны жазаға тарту сияқты болған өштесу мен кектену қаншалықты шексіз қатігездік екенін және сондай-ақ бір мұсылманың жағымсыз бір мінезінен өкпелеп, көңілі қалып оның туысқанына өшпенділік көрсету
шамадан тыс асыра сілтеумен өте үлкен зұлымдық жасағаныны ақиқат пен шариғат және Ислам хикметтері саған ескертіп тұрған кезде өзіңді қалайша дұрыс деп санап ⌠Менің ақым бар■ дейсің.

Ақиқат тұрғысында өшпенділік пен жамандықтың себептері болған жиіркенішті нәрселер жамандық пен топырақ секілді күңгірт, басқаларға тарамауы және шағылыспауы тиіс. Бөтен біреу одан сабақ алып жамандық жасаса онда жөні бөлек. Ынтымақтың арқауы болған жақсылықтар, ынтымақ, татулық секілді нұр болып табылады. Таралуы мен шағылысуы қалыпты нәрсе. Осыдан болар ⌠Достың досты дос■ сөзі мақал болып еңген. Әрі ⌠Бір көздің көңілі үшін көптеген көздер ұнатылады■ сөзі жалпының аузында айтылады. Міне, ей ынсапсыз адам, ақиқат осыны жөн көріп тұрған кезде жақсы көрмеген адамның сүйкімді бейкүнә бауырына және туысқандарына өшпенділік жасау, ақиқатқа қаншалықты теріс екенін әділдік пен шыншылдықты жақтайтын болсаң түсінерсің.

Төртінші жақ: Жеке бас өмірі тұрғысында да зұлым болып табылады. Осы төртінші жақтың негізгі тірегі ретінде бірнеше ережені тыңда.

Дыбыс жоқ