Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 21
(1-72)

Әрі Аллаhтың есімдерін тамаша түрде жариялайтын "адамгершілік" атты әсем шығармасын, яғни мәңгі жасайтын ағаштың жиhаздарын қамтыған дән тәрізді Қүдайдың құдіретінің туындысы сондай-ақ, үлкен аманат арқалап жер мен көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие болған, жер жиhанның ұлы мәртебелі ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайуаннан да бетер мүсәпір, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын малғатеңеп әбден құлдыратып жібереді. Мағынасы жоқ мәні жоқ, бас-аяқсыз әрі өшіп қалатын түкке тұрғысыз боп қауқа деп масқара қылады.

Сонымен, жүгенсіз нәпсі; бұзу мен жамандыққа келгенде сұмдық жауыздық жасай алады, бірақ бірдеме жасау мен жақсылыққа келгенде қолынан келетіні шамалы. Расында да, үй тұрғызу қиын, оны бұзу оп-оңай. Бір күнде бұзуға болады, ал тұрғызу үшін жүз күн керек. Алайда, менменшілдікті тастап, жақсылықты, бар болуды (болмысты) аса қамқор Аллаhтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бұзу мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, ол кезде

сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа деген шексіз қабілеттер, жақсылыққа деген шексіз қабілеттерге айналады.

Дыбыс жоқ