Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 23
(1-72)

Ондағы мақсаты құдіреті соңсыз Қадир-ы Рахимның, байлығы шексіз, асыл қазына иесі Ғани-ы Кәрімнің соңсыз көркемдігін қамтитын жинақы айна жасау.

Иә, адам бейне бір дән секілді. Дәнге, құдірет тарапынан рухани әрі маңызды жиhаздар және тағдыр тарапынан шағын әрі құнды бағдарлама берілген. Мақсат, соларды пайдаланып жер астында тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығу. Жаратқан Иесінен ағаш болуды қалап бейімділік тілімен жалбарыну. Сөйтіп кемелденіп өзіне лайық түрге енеді. Егер дән, өзіне берілген рухани жиhаздарды теріс әрекеттерімен орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға жұмсаса, сол тар жерде пайдаға жарамай шіріп кетеді. Егер дән, манағы рухани жиhаздарды

дейтін тәкуин әмірін өнеге тұтып тиімді пайдаланса, ол кезде тар да қапырық әлемнен шығады да зәулім ағашқа айналады. Сөйтіп дәндегі шағын ақиқат пен мағынауи рух, зор ақиқатқа айналады. Дәл сол сияқты адам баласына үлкен мән беріліп, құдіреттен маңызды жиhаздар, тағдырдан құнды бағдарламалар берілген.

Дыбыс жоқ