Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 24
(1-72)

Егер адам баласы, жер асты тәрізді мына тар дүниеде және тұрмыста манағы рухани жиhаздарды нәпсінің құмарлығына жұмсаса, шіріген дән тәрізді өткінші ләззәттармен, қысқа өмірде, тар жерде өткінші күй кешіп, дән шіріген дән сияқты өте шығады.

Ал, егер адам, дән тәрізді бейімділігін Исламның нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлдық атты топыраққа егіп мағынауи жиhаздарын Құранның әмірлеріне сай, шынайы мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысалда және берзахта өркен жаятын сондай-ақ ахирет пен жәннәтте жеміс беретін мәңгі ағаштың дәні, мәңгілік ақиқат жиhаздары жинақталған таңғажайып машина, әрі әлем атты ағаштың мүбәрәк нұрлы миуасы болады.

Иә, нағыз даму деп, адамға берілген жүрек, рух, ақыл, көңіл тіпті қиял және басқа да сезімдердің мәңгілік өмірге бағытталып, әрқайсысы өзіне тән құлшылықтарымен шұғылдануын айтады. Әйтпесе, хақ жолдан тайғандардың даму деп жүргендері; дүниелік өмірдің қыр-сырына үңілу, рахатқа батудың барлық түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық сезімдерін, көңіл ой-санасын жүгенсіз нәпсіге ноқталап, құлқынының құлына айналдыру, ол даму емес қайта құлдырау. Осы бір ақиқатты қиялы оқиғада мына бір тәмсіл арқылы көріп едім.

Дыбыс жоқ