Ең үстіңгі қабатында қожайын телефон арқылы патшамен байланыс құрып, халқының қамы үшін әрі өзін де дамытып жетілдіру үшін жеке басына қатысты және ортақ әрі өзекті мәселелермен айналысып отырғанын көрдім. Олар мені көрмегендіктен ешкім ештеңе демеді. Емін-еркін әбден араладым. Содан сыртқа шығып айналама қарасам, шәhарда екі түрлі сарайлар бар екен. Себебін сұрап едім: "Анау ауласы жайнап тұрған, іші бос сарайлар атақты кәпірлер мен хақ жолдан тайғандардікі. Ал, басқалары зиялы мұсылман ғұламаларыныкы!" - деп жауап берді. Содан бір бұрышта тұрған сарайға көзім түсті. Маңдайшасында "Саид" деген жазуды көріп алаңцай бердім. Үңіле түсіп едім өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан айқайлап жіберіппін, есімді әреңжидым.
Осы бір қиялы оқиғаны саған жорып берейін, Аллаh қайырын берсін!
Тәмсілдегі шәhар болса, адамдардың қоғамдық өмірі мен мәдени тұрмысы. Әрбір сарай бір адам. Сарай тұрғындары дегені, адамдағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік сияқты сезімдер. Адамдағы барлық сезімдердің өзіне тән әр түрлі құлшылық міндеттері, жеке-жеке ләззәттарі, өзіндік қайғылары бар. Нәпсі мен әуестік, құмарту мен сақтану сезімдері ит пен күзетші тәрізді. Міне, аталған құнды сезімдерді нәпсіқұмарлық пен әуестіктің еркіне беріп, ноқталап беру, оларды асыл міндеттерінен босату әрине даму емес қүлдырау, жетілу емес азғындау. Қалған жақтарын өзің жорып ал.