Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 28
(1-72)

Ал, егер өзін қонақпын деп білсе, иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәрімнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір жолында адал еңбек ететін болады. Тынығып дем алған соң ала-и иллийне бет алады. Әрі оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ахиретте оны жақтайтын куәгерлергеайналады. Рас, адамға берілген күллі ғажайып жиhаздар мына түкке түрғысыз дүниелік өмір үшін берілмесе керек, олар өте маңызды мәңгі өмір үшін берілген. Өйткені адам баласын жануарлармен салыстырғанда жиhаздар мен құралдар жағынан өте бай. Хайуаннан қарағанда олар жүз есе көп. Хайуандық өмір сүру мен түрмыста рахатқа бату тұрғысында жүз есе нашар әрі төмен. Себебі татқан әрбір ләззәті өзінен кейh мыңдаған қайғылы ізі қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқыныштары тіпті әрбір ләззәттің аяқталу сәтіндегі өкініш пен қайғы, оның қуанышын су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Бірақ хайуан мүндай емес, мүңсыз ләззәтқа батып уайымсыз рахаттанады. Өткен күндердіңөкініштері, келешектің қорқыныштары оның мазасын алмағандықтан маңғаздана ішіп-жеп Халиқына шүкір етеді.

Демек, ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам, фәни өмірді басты мақсат түтса, жиhаздар жағынан жүз есе бай болса да құс екеш қара торғайдан жүз есе төмендеп кетеді. Бұл ақиқатты басқа жерде бір тәмсілмен баяндаған болатынмын. Сол бір тәмсілді қайталаудың реті келіп отыр, тәмсіл де былай болатын:

Дыбыс жоқ