Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 25
(1-72)

Тәмсіл былай болатын:

Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шәhарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы жайнап тұр. Жалт-жұлт еткен шамдар, театр тәрізді еріксіз көз тартады. Баршаның көңілін көтеретін ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай бір үйге көз түсіп кетіп еді, үйдің қожайыны төменге түсіп, есік алдында итпен ойнап жүр. Ханымдар болса, бейтаныс жігіттермен көңілді сұхбаттасуда. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап әрі жөнге салып басқарып жүр. Үйдің күзетшісі болса оларды басқарып тұрғандай әкім киімін киіп алыпты, бейне бір артист дерсің. Сонда барып, мына зәулім сарайдың іші бос қаңырап қалғанын білдім. "Ие, барлық маңызды міндеттер қараусыз қалған екен. Ахлақтары бұзылған ғой шамасы, түрлері мынау" деп, одан әрі жүріп едім, тағы бір зәулім сарайға тап болдым. Ескі алдында тапжылмайтын, ісіне адал ит пен сұсты да салмақты күзетшіні көрдім. Аулада қою тыныштық бар болатын. "Мынау неге мұндай, анау неге ондай" деп білгім келіп, ішіне кірдім. Қарасам үйдің іші жайнап тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары өз міндеттерімен шұғылдануда. Бірінші қабаттағылар сарайдың басқарма істерімен айнылысуда, оның жоғарысында қыздар мен балалар сабақ оқуда. Оның үстіңгі қабатында ханымдар ою-өрнектермен нақыштап кесте тоқуда.

Дыбыс жоқ