Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 45
(1-72)

(Осы бір тәухид сөйлемін таңғы және ақшам намазынан соң қайталаса өте сауапты, әрі нақты хабарларға сүйенсек ішінде Исм-і Ағзам мәртебесі бар екен. Бұл тәухид сөйлемі он бір кәлимадан тұрады. Әр кәлимада сүйінші мен қуаныш, hәм Рубубиеттің бір-бір Тәухид мәртебесі, hәм Исм-і Ағзам тұрғысынан Уахданиеттің айбындылығы мен көркемдігі бар. Міне, мына терең әрі ұлы ақиқаттардың анықтамасы басқа сөздерде баяндалғандықтан соларға сілтеп, қазір берілген уәдеге орай қысқаша түрде "Екі бөлім" және бір "Кіріспе" арқылы жоғарыда аталған тақырыптың мазмұнын баяндаймыз.)

Кіріспе

Жаратылыстың ең басты мақсаты, болмыстың ұлы нәтижесі "Иман-ы Биллаh" яғни Аллаhқа сенім екеніне күмәнің болмасын. Адамзаттың ең жоғарғы мәртебесі, ең соңғы сатысы "Иман-ы Биллаh" ішіндегі "Мағрифетуллаh" яғни Аллаhты тану. Жын мен адам баласының нағыз бақыты мен мол ырысы сол Мағрифетиллаh ішіндегі "Мухаббетуллаh" яғни Аллаhқа деген сүйіспеншілік. Иә, адамзат рухының шынайы шаттығы мен көңілінің аса қуанышы, сол Мухаббетуллаh беретін рухани ләззәт болып табылады.

Дыбыс жоқ