Рас, нағыз бақыт, шынайы шаттық, мол ырыс, пәк ләззәт дегендер сөзсіз Мағрифетуллаhта және Мухаббетуллаhта. Бірі-бірінсіз бола алмайды. Жәнаб-ы Хақты таныған әрі сүйген адам мол бақытқа, ырысқа, сырларға, нұрларға іс жүзінде не болмаса барлық мүмкіндігінше бөленеді. Оны нақты танымаған, сүймеген адамның жаны мен тәні шексіз қасіретке, үрей мен қайғыға душар болады. Иә, мына алай-түлей дүниеде, сеңдей соқтығысқан адамдардың ішінде табысы жоқ тұрмыста, панасыз да жетім күй кешкен бейшара адам, жер-жиhанды билеген сұлтан болса да құны қанша дейсің. Міне, осындай қақтығысқан адамзат ішінде, мына мұңлы да фәни қу дүниеде адам баласы, өзінің иесін танымаса, таппаса неткен бейшара әрі мәжнүн болатынын әркім біледі. Ал егер, иесін тауып, оны таныса ол кезде оның мейірімділігіне жалынып, құдіретіне арқа сүйейді. Сонда мына қорқынышты дүние саяжай әрі сауда-саттық орнына айналады.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Осы бір тәухид сөйлемнің әрбір кәлимәсі қуанышты хабарларға толы. Әрбір хабарында бір шипа, әр шипасында бір мағынауи ләззәт бар.