Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 49
(1-72)

Серігі мен көмекшісі болмағандықтан, өтініш иесіне "болмайды, қабылдап жатқан жоқ" - деп кедергі жасайтын да ешкім жоқ.

Міне, осы бір кәлиманың адамзаттың рухына әкелген сүйінішті хабарын тыңдайық: Иманға ие болған адамзаттың рухы, қандай күйде болмасын кедергісіз, тосқауылсыз, емін-еркін, әр түрлі өтінішін әрқашан, кезкелген жерде манағы мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, бақыт қорының иесі Жәмил-і Зүлжәләлдің, Қадир-ы Зүлкәмалдың қабылдауында болып, мұң-мұқтажын білдіре алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі.

Төртінші кәлима:

Яғни Оның мүлкі. Сенде оның мүлкісің, hәм мәмлүкісің, hәм мүлкінде жұмыс істейсің. Мұның шипалы да қуанышты хабары: "Әй, адамзат! Сен өзіме-өзім қожамын деме. Себебі сен өзіңді өзің алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. Өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліске түсіп, өзіңді азаптама, мүлік басқасының. Мүліктің иесі Мәлік hәм Қадир, hәм Рахим, оның құдіретіне сен, мейірімділігіне кінә артпа. Мұңайма, жаныңның қамын ойла. Мұңайма, еңсеңді көтер...

Дыбыс жоқ