Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 51
(1-72)

Мәселен, аты әлемге әйгілі патша, саған алма сыйласа оның ләззәті, басқа алмалардан жүз, бәлки мың есе тәтті болады. Өйткені, ол алма саған деген патшаның ілтипатының белгісі. Сол сиякты

кәлимасы арқылы яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы, яғни ырыстан ырыстандырушыны сезу арқылы, яғни МүнГимині тану арқылы, ырыс бергенді ойлау арқылы, яғни оның рақымдылығының ілтипатын, мейірімі түскендігін, жарылқауының жалғасатынын ойлау арқылы, берілген ырыстан мың есе артық ләззәт толы қазынаның есігін ашады.

Алтыншы кәлима:

яғни, өмірді берген - Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де Ол. Өмірді жалғастыратын да, қажеттіліктерін тауып беретін де. Ол. Өмірдің басты мақсаттары Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелері Оған келіп тіреледі, жемістіңжүзде тоқсан тоғызы Онікі. Міне мына кәлима фәни, бейшара адамзатқа үн қатып оны былайша сүйсіндіреді:

"Әй, адам! Өмірдің ауыр жүгін бүкілген беліңе артып әуре болма. Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме.

Дыбыс жоқ