Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 54
(1-72)

"Сүінші! Қуанышты хабар әкелдім. Сүйікті жандардан көз жазып, қоштасулардан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақиыңыз бар. Демек, Ол бар әрі мәңгі, олай болса басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйікті жандардағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлігі Махбуб-ы Бақидың мәңгілікжәмалынан тараған көркемдіктерінің қабат-қабат перделерден өтіп келген өте көмескі көлеңкесінің көлеңкесі. Олардың көзден таса болулары ’көңілге кірбің түсірмесін. Себебі олар айна тәрізді, айналардың өзгеруі жәмалдың әсем көріністерін жаңартып, бастапқыдан да әдемі көрінулеріне себеп болады. Демек, Ол болса бәрі де болады.

Тоғызыншы кәлима:

яғни, жақсылық атаулы оның қолында. Жасаған әрбір жақсылығыңыз Оның дәптеріне жазылады. Атқарған әрбір игі істеріңіз жадында сақтаулы. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді:

Дыбыс жоқ