Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 47
(1-72)

Бірінші кәлима:

Мұның әкелген қуанышты хабары мынау: Мұң-мұқтажы басынан асатын әрі сансыз дұшпанның қыспағында қалған адам жанына бұл кәлимәның беретін медеті сондай, оған күллі мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, мейірімділік қазынасының есігін ашады. Сондай-ақ, оған демеу беріп сансыз дұшпанның қыспағынан құтқаратын алып құдірет иесі өзінің Мағбудыны, әрі Жаратушысын білдіріп, таныстырады, иесін көрсетіп, Мәлікі кім екенін үйретеді. Сол үйрету арқылы жүректі қорқынышты үрейден, рухты уайым-қайғыдан тазартып, мәңгілік шаттықпен әрдайым қуанышқа бөлейді.

Екінші кәлима:

Мына кәлимада жанға шипа әрі қуанышты хабар бар. Мынадай:

Бүкіл әлемнің сан-алуан түрлерімен кіндіктесіп жатқан әрі сол қарым-қатынастың салдарынан жабырқап, аласапыраннан күйзеліске түскен адамзаттың рухы мен адам жанына мына кәлимасында демеу табады.

Дыбыс жоқ