Бәдиүззаман Саид Нұpси | Бәдиүззаман Саид Нұpси | 2
(1-5)

- «Аллаға шүкір, бауырларым. Осы алған білімім арқылы Қүранның ғары-шына шықтым, яғни шын мағынасын, әрі тылеым қүпиясын түсінуіме көмектесті. Сол кезде Қүранняң әр бір аятының бүкіл әлемді қамтып түрғанын көрдім. Әрі қарай Қүран - мен үшін білімнің қайнар-бүлағы болды да, басқалай білім бүлағының қажеті болған емес».

Жасы он алтылар шамасына жеткен-де Ван қаласында түрып, әр түрлі ғы-лымдармен бірге математика, геогра-фия, химия, физика, тарих сияқты өте көп пәндермен шүғылданды. Сонымен бірге күнделікті шығатын баспа жаңалықтарын бос жібермейтін, әрине, сондықтан да бүкіл Ислам әлеміндегі жағдайлармен толық хабардар бола-тын.

Бірде Ван қаласының әкімі оған га-зеттен мынадай бір қорқынышты мақала оқып берді: Ұлыбританияның отар елдер жөніндегі министрі Гладистон былай депті, - «...бүл Қүран, мүсылмандардың қолында түрғанда, біз олардың шын мәніндегі билеушісі бола алмаймыз. Не Қүранды жою керек, не мүсылмандарды Қүраннан айыру керек». Әкімге Саид Нүрси: «мен Қүранның сөнбес және сөндірілмес бір нүр екенін әлемге көрсетемін, әрі дәлелдеп беремін,» .- деп жауап берді және іске кірісті.

Осыдан соң, ол Османлы Империясы-ның астанасы Ыстамбүлдағы үлкен бір қонақ үйге орналасты және есігіне «мұнда күрделі мәселелер жөнінде барлық сұрақтарға жауап беріледі, сондай-ақ ешкімге ешқандай сұрақ қойылмайды,» - деп жазылған жар-нама ілді.

Дыбыс жоқ