Жаңа үкіметпен келісе алмаған ол, Ван қаласына қайтып келді. Бірақ мүнда түрақтай алмады. Ислам дінінің қас-жауларының жасырын, сатқындық әрекеттерінің нәтижесінде, оны Ыспар-та қаласының Барла аулына жер аудар-ды. Бәдиүззаман Саид Нүрси еңбектерінің негізін осы кезеңнен бас-тады. Барлық адамзатты, әсіресе м үсыл ман қауымын адасу шыл ықтан, атеизмнің қүрдымға апарар теріс ықпалынан арашалау мақсатымен «Рисале-и Нүр» атты кітаптарын жаза бастады. Осыдан кейін-ақ бүкіл әлем Қүран сәулесінің шапағымен нүрлана түсті. Өз еңбектерінде Қүранның Аллаға иман жайында айтылған күрделі де терең мағыналы аяттарына түсініктеме әрі талдау жасап, адам-затқа - ғасырлар бойы, әлі де болса толық ашылмаған аяттарының тылсым қасиеттерін, жүмбақ қүпия-сырларын ашып, жаңа ғана терілген гүл шоқтарындай үсынды. Жеңіл, әрі үғымды тілмен Жаратушының бар екенін және бірлігін, пайғамбарымыз Мүхаммад (С.Ғ.У.)-ның пайғамбарлы-ғын, елші екенін және адамзат баласын жаратудағы Алланың мақсатын, өлімнен кейін мәңгі өмірдің келетінін, мән-мағынасын және Құран - Алла-ның сөзі, хақиқат-шындық кітабы екенін анық, кесімді түрде дәлелдеп берді және басқа да мыңдаған сауалдарға жауап таба білді.